"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы N 27/294-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 наурызда N 2022 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 5 қаңтардағы N 02-1 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.01.05 N 02-1 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 – нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 194-нөмірінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) тармақшада:
      "211 384 340" деген сандар "211 684 340" деген сандармен ауыстырылсын;
      "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      "208 770 102" деген сандар "209 070 102" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:
      I "Кірістер" бөлімінде:
      "211 384 340" деген сандар "211 684 340" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Салықтық емес түсімдер" деген жолында:
      "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын;
      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
      "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын;
      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
      "365 190" деген сандар "665 190" деген сандармен ауыстырылсын;
      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбында:
      "365 190" деген сандар "665 190" деген сандармен ауыстырылсын;
      II "Шығындар" бөлімінде:
      "208 770 102" деген сандар "209 070 102" деген сандармен ауыстырылсын;
      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
      "225 931" деген сандар "425 931" деген сандармен ауыстырылсын;
      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:
      "188 505" деген сандар "388 505" деген сандармен ауыстырылсын;
      250 "Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" бюджеттік бағдарламасы әкімшісі бойынша:
      "167 225" деген сандар "367 225" деген сандармен ауыстырылсын;
      "006 Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" бағдарламасында:
      "98 909" деген сандар "298 909" деген сандармен ауыстырылсын;
      15 "Трансферттер" функционалдық тобында:
      "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын;
      1 "Трансферттер" функционалдық кіші тобында:
      "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын;
      257 "Облыстың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламасы әкімшісі бойынша:
      "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын;
      "024 Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 029 бағдарламамен толықтырылсын:
      "029 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 100 000 мың теңге".
      2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Р.Тәңірбергенов

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады