Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының 2012.02.08 № 5/12-618 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Л.А.Мақашева) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Күздеубаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Жетпісбаев
Шымкент қаласы әкімдігінің
2010 жылдың 18 қаңтар
№ 45 қаулысымен бекітілген
2010 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№ | Ұйымдардың тізбесі | Жұмыстардың түрлері | Қамтылатын адам саны |
---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары |
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу. |
100 адам |
2. |
Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жолдар құрылысы және жолдарды жөндеу. |
90 адам |
3. |
Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і, қаланы көгалдандыратын және көріктендіретін мекемелер |
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру. |
500 адам |
4. |
Шымкент қалалық Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандық полиция бөлімдері, «Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ-і |
«Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ-ң және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу, берілген сұраныстарға сәйкес |
300 адам |
5. |
Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары, білім бөлімі, қала мектептері, құрылыс мекемелері |
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді, үйлерді салуға және жөндеуге қатысу |
500 адам |
6. |
Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету |
280 адам |
7. |
Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдерінің аппараттары, МКҚК «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы», МКҚК «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы», ОҚО ІІД мекен-жай бюросы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың ОҚО филиалы, Шымкент қаласы бойынша Салық басқармасы, «Шымкент Жер» ЖШС-і |
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
300 адам |
8. |
Шымкент қаласы әкімдігі, қалалық ауруханалар |
Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру |
60 адам |
9. |
ОҚО «Содби» қоғамдық қоры, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігің Шымкент қалалық филиалы, «Ғибрат» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі |
Қоғамдық ұйымдарға, қорларға көмек көрсету |
120 адам |
БАРЛЫҒЫ: | 2250 адам |