Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 маусымдағы N 37/332-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 шілдеде N 14-1-114 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы N 47/399-4с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2011.03.29 N 47/399-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне» сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы» бекітілсін;
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қалалық маслихат сессиясының төрағасы      О.Ешімбетов
      Қалалық маслихат хатшысы                   Ж.Махашов      

      Шымкент қалалық мәслихатының
      23 маусым 2010 жылғы № 37/332-4с
      шешімімен бекітілген

Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағида

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-тәртібі) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94 Заңының 97-бабы 2 тармағына сәйкес әзірленіп, тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тағайындалады.
      4. Шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасы табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үй көмегі нормалар шегінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған рұқсат етілген шекті шығындар деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      6. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      9. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу (бұдан әрі телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу) коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленген ақшалай өтемақы.

1. Негізгі ұғымдар

      10. Уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      11. Уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті ұйым).
      12. Рұқсат етілген шекті шығындар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық табысына пайызбен қатынасы.
      13. Отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған табыстардың жалпы сомасы.
      14. Кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      15. Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, жеті жасқа дейінгі баланы (бір немесе бірнеше) тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органында тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      16. Отбасының жұмыссыз мүшелері бар, ұсынған жұмыстардан себепсіз бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартқан немесе жұмысқа орналастырудан, оқудан және қайта даярлаудан бас тартқандар 3 айға тұрғын үй көмегінен айырылады.
      17. Жеке меншік иесінің немесе үй иесінің қайтыс болған жағдайында тұрғын үй көмегі жеке меншік иесінің қайтыс болған күнінен алты айға дейін осы пәтерде (үйде) тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің мұрагерлік құқығын алғанша, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативі және тұрғын үй ауданының шектелген нормасы тағайындалады.
      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігінің көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжатының көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының кірісін растайтын құжаттары;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімімен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметті тұтыну түбіртегі;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін шот-түбіртегін немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарты;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      19. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      20. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      21. Уәкілетті орган көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тіркейді және өтініштің нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген жазбаша хабарлама беріледі.
      22. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган 10 жұмыс күн ішінде жәрдемақысының тағайындалуы немесе тағайындалмауы туралы шешім шығарады.
      23. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      24. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      25. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады