Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы N 47/399-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде N 14-1-137 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 4/32-5с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.03.28 N 4/32-5с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне" сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.
      2. Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылдың 23 маусымдағы № 37/332-4с "Шымкент қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы" Қағидасын бекiту туралы (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу Тiзiмiнде № 14-1-114 тiркелген, "Шымкент келбетi", "Панорама Шымкента" газеттерiнде 2010 жылдың 30 шілдедегі № 31 жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      А.Бердаш

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ж.Махашов

Шымкент қалалық мәслихатының
29 наурыз 2011 жылғы
№ 47/399-4с шешiмiмен бекiтiлген

      Шымкент қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатындарға коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысына төлеуге берiледi.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйдi жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгіленеді.
      Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үй (пәтерi) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi (пәтердi) жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      азаматтың (отбасының) табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiнiң басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шотты тапсырады.
      3. Уәкiлеттi органға құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады. Салыстырылғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Уәкiлеттi органның қызметкерлерiмен куәландырылған құжаттардың көшiрмелерi iске тiркеледi.
      4. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды беру күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде, ал егер ақпаратты өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан алу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды, оның бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi.
      5. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейiн (31 желтоқсанға дейiн) тағайындалады, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тiркелуi жөнiндегi мәлiметтердi тоқсан сайын ұсынылады.
      6. Тұрғын үй көмегiн алушы тұрғын үй көмегiн төлеу мөлшерiнiң өзгеруiне негiз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегенi туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
      7. Тұрғын үй көмегi мөлшерiне ықпал ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, өзгерiстер енгiзiлген айдан кейiнгi айдан бастап қайта есептеледi.
      8. Өтiнiш берушi жалған мәлiмет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегiн тағайындауға жол бергенi айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу оны тағайындау мерзiмiне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркiмен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган аударылған төлемдердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте төлетедi.
      9. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен әділет органдарынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi жөнiнде туындаған келiспеушiлiктер әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қалалық комиссияның қарауына шығарылады немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      11. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшiн уәкiлеттi органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледi. Тұрғын үй көмегінен басқа, отбасының жиынтық табысына кірістердің барлық түрлері есептеледі, сол кездегі белгіленген уақытқа нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады.
      13. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектердi, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.
      14. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      15. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына сәйкес жүргiзiледi.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      16. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтердi пайдалануға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне белгiленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негiзде жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады