Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Әл-Фараби ауданындағы көлдің маңындағы, солтүстік жағынан Тәшенов көшесімен, батыс жағынан Түркістан көшесімен шектелетін аумақ «Шәмші әлемі» шағынбағы деп аталсын.
2. Еңбекші ауданының Сухэ-Батор көшесі Жұмабай Шаяхметовтың есімімен;
Абай ауданының Чкалов көшесі Пердебек Ерназаровтың есімімен қайта аталсын.
3. Осы қаулы мен бірлескен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаев
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы О.Ешімбетов
Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Махашов