Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2012.02.24 N 2/11-5с Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына және Шымкент қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 21 қарашадағы № 3/29-3с "Жерді аймақтарға бөлу схемасы туралы" шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Шымкент қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 4/33-3с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1099 тіркелген 2004 жылдың 20 ақпан № 7 "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағындағы "Салық Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" деген сөздерді "Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін және ресми жариялануға жатады.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғ.Ғаниев
Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Махашов