Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 87 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде N 14-2-91 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы N 16 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы   әкімдігінің 2012.01.16 N 16 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 539 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-41 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 30 маусымдағы қалалық "Арыс ақиқаты" газетінің № 53 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі:                                Қ.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады