2010 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы N 4 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 ақпанда N 14-4-78 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 04 ақпандағы № 10114/403 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 10114/403 хатымен).

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2010 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша қоса тіркелді).
      2. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Арысбеков) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған қала бюджетінен қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Төрежановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімi                                 Қ.Молдасеитов      

      Қала әкімдігінің 2010 жылғы
      13 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген

      2010 жылға жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

№ р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылған адам саны

1

2

3

4

1

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

78

2

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

58

3

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмектесу, құрылыс саласындағы мекемелерге үй салуға көмектесу

230

4

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Аймақты экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көріктендіру

105

5

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

65

6

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

18

7

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, ішкі істер басқармасы, әділет басқармасы, әскери комиссариаты

Ішкі істер басқармасының, әділет басқармасының, әскери комиссариатының жұмыстарына көмектесу

46



Барлығы


600

      Ескертпе: Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың уақыты, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбек ақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеу мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады