Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2012.01.10 № 38 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Түркістан қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Арысбеков) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкiмiнiң орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі: Қ.Молдасеитов