Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 475 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарын лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 маусымдағы N 261 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 шілдеде N 14-5-98 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 25.07.2013 № 323 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық жерлерде істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарын лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-5-67 болып тіркеліп, «Шаян» тәуелсіз апталық газетінің 9 ақпан 2009 жылғы № 6 (258) санында ресми жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы «дене тәрбиесі және» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы   Р.Жолдас

      КЕЛІСІЛДІ:
      Аудандық мәслихат хатшысы       С.Ә.Спабеков
      11 маусым 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады