Бәйдібек аудандық мәслихатының 29 сәуір 2009 жылғы "Жер салығының ставкалары туралы" № 19/113 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 39/227 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қаңтарда N 14-5-106 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 7/37 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.11.13 № 7/37 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағына және Бәйдібек аудандық мәслихатының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 28/191 "Бәйдібек ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 29 сәуір 2009 жылғы № 19/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-77 тіркелген 22 мамыр 2009 жылғы «Шаян» газетінің 19 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын.
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383–бабтарында белгіленген жер салығының ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
      2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сессия төрағасы:                           Б.Омарбеков

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады