Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.11.13 № 7/37 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Бәйдібек аудандық мәслихатының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 28/191 "Бәйдібек ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383–бабтарында белгіленген жер салығының ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010.12.21 N 39/227 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға жатады) Шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Ө. Алдамжаров
Мәслихат хатшысы: Т. Дүйсенбеков