Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
1. Қақпақ ауыл округіне қарасты:
Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге: Қаракемер, Көктөбе, Дінмұхамед Қонаев, Таң, Келдібек ата, Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Жастар, Төлеби, Ускенбай Омаров, Заңғар, Қазыбек би, Қақпақ, Ынтымақ, Бірлік, Абай Құнанбаев, Болашақ, Достық, Мектеп, Бастау атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Н.Әшірбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі Е.Исақұлов