Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 33-222-IV Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда N 14-7-119 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы № 5-28-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.06.12 № 5-28-IV Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 38-236-ІІІ  шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 14-7-40 нөмірмен тіркелген, "Мақтаарал" газетінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 16 санында ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Ереженің 16-тармағындағы "атуға" деген сөз "белгіленген орындарда жоюға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ж.Серқұл

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ж.Әбдәзімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады