Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.10.24 N 1962 Қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аудандық коммуналдық меншік туралы» Мақтарал аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 799 (Нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-83 нөмірімен тіркелген, «Мақтаарал» газетінің 38(8483)-нөмірінде 2009 жылғы 18-қыркүйекте жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру нұсқаулыққа:
16-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерінде есептеледі.»;
Нұсқаулықтың қосымшасындағы «100 теңге» деген сөз «0 теңге» деген сөзбен өзгертілсін.
Нұсқаулыққа қосымша келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Білім беру мемлекеттік мекемелерінің тамақтандыруды ұйымдастыру жайларын жалға беру ақысының мөлшері қала және кенттерде орналасқан объектілерге 60 (алпыс) теңге, ауылдық округтерге орналасқан объектілерге 50 (елу) теңге».
2. Осы қаулы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абжановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Қ.Хаметов