Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 1100 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда N 14-7-130 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 мамырдағы N 2700 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.05.16 N 2700 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2011 жылдың қаңтар-наурызда аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ә.Аяпов-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
      2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:

Аяпов Әкім Серікбайұлы

-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Есенбеков Пердеш

-ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Қалдыбаев Мұрат Қалтұрсынұлы

-аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Байжанов Бораш

-Мырзакент емханасының терапевт дәрігері, медициналық сараптау комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша);

Досымбетова Халима

-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. Қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері және ұйымдардың басшылары 2010 жылдың 29 желтоқсанға дейін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге жататын жастардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
      4. Аудандық емхананың бас дәрігері (Б.Ақылбеков – келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
      2) комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен медбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын.
      5. Аудандық білім бөлімі (Қ.Бапаев):
      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын;
      2) көрсетілген мерзімге тіркеуден өтетін жастардың тізімін, құжаттарын әскери комиссариатқа жіберілуін мектеп директорларына тапсырсын.
      6. Аудандық ішкі істер басқармасы (М.Қалдыбаев – келісім бойынша):
      1) тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;
      2) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Ә.Аяпов – келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
      2) азаматтарды дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті дәрі-дәрмекке және дәрігерлік құрал-жабдықтарға қаралған қаржыны қамтамасыз ету ұсынылсын;
      3) тіркеу қорытындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2011 жылдың 8 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.Тұрбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          Ә.С.Аяпов
      15 желтоқсан 2010 жыл

      Аудандық ішкі істер басқармасы
      бастығының орынбасары                      М.Қ.Қалдыбаев
      15 желтоқсан 2010 жыл

      Аудандық емхананың бас дәрігері            Б.Ж.Ақылбеков
      15 желтоқсан 2010 жыл

      Мырзакент емханасының терапевт дәрігері    Б.Байжанов
      15 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады