Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 36/237-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 14-9-140 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 5/39-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 07.08.2012 № 5/39-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 15) тармағына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 26/172-ІV «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-95 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 06.02.2010 жылы № 10-11 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.»
      2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.      

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады