Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012.02.08 № 82 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 2-54-10/6136 ұсынысын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-98 тіркелген, 2009 жылғы 8 сәуірде № 42 және 2009 жылғы 3 маусымда № 69 «Сарыағаш» газетінде жарияланған) 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы орган міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдар үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдардың айқындаған мөлшері екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мырзабаев