Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе ауылдық округі Көгерту ауылындағы атауы жоқ көшеге «Ынтымақ» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: Н.Абдраймов