Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Нефтебаза» көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Нефтебаза» көшесі «Жанықұлов Серікбай» атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Алтынбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Б.Сапарбаев