Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" № 176 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-12-59 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымда "Теріскей" газетінің 31 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
6-тармағының 3) тармақшасында "мәлімет берер күнге дейінгі соңғы бір айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
"қамтылуға тиіс" деген сөз "қамтылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақта:
"міндетті" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі: | С.Әбдіқұлов |