Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 176 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 маусымда N 14-12-59 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 451 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.12.21 N 451 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса тіркелген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Мейірбековке жүктелсін.      

      Аудан әкімі: С. Әбдіқұлов      

      Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
      25 сәуірдегі N 176
      қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы 1. Жалпы қағидалар

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада пайдаланатын ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) штаттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі.
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттестіріледі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

      5. Жұмыс беруші - нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жергілікті атқарушы органмен (оның ішінде уәкілетті органымен) штаттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен лауазым пайдаланылмайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қосымша өткізеді:
      1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
      2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу куәлігінің көшірмесі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.02.05 N 50; 2010.06.14 N 246     Қаулыларымен.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды ауданның уәкілетті органы төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
      1) қаржы ауқаттылығы;
      2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және олармен үш жақты "Уәкілетті орган – Жұмыс беруші – Қызметкер" шартын жасасады. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
      9. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 246 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі 6 айға дейін болады. Еңбек шартының ұзақтығы 6 айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 246 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу

      11. Ескерту. Алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009.05.28 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      12. Жұмыссыздарды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімінде уәкілетті органға береді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген және нысаналы топқа жатқызылған күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу

      Ескерту. 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтары алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 246 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.            

      5. Есеп берушілік

      20. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны және жұмыстан босатқаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.02.05 N 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      21. Аудандық уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тоқсан сайын ақпарат береді.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009.05.28 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады