Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.12.21 № 451 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-59 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымда «Теріскей» газетінің 31 нөмірінде жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақта «еңбек ақы мөлшері» деген сөздері алып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.»;
10-тармақта «қарастыруы тиіс» деген сөздер «қарастырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
14, 15, 16, 17, 18, 19 тармақтары алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Әбдіқұлов