Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 16 мамырдағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жартытөбе ауылының Бабата ауылына шығатын тас жолындағы көшесіне Жұмабек Мықтыбаевтың аты берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Ауыл әкімі С.Әбдірашұлы