Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігі Киелітас ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 14 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 наурызда N 14-13-66 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере ортырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Киелітас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ынтымақ, Қожамжар, Байбұлақ, Алмалы, Келітас, Шойбек датқа, Атамекен, Бірлік атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Оспановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауылдық округ әкімі:                       М.Усербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады