Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 549 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 90 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда N 14-14-101 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 82 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2012.02.29 № 82 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының  37 бабына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық коммуналдық меншік туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 549 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14-14-89 санымен тіркелген, аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде 2009 жылдың 11 желтоқсанында ресми жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      3 - тармақтағы "Түлкібас ауданының қаржы бөлімі" деген сөздер "Түлкібас ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           Е.Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады