Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011.07.12 N 414 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 256 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-79 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырдағы аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Қаулының 7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлары саны мен қатысуы мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органнан төленеді".
2. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев