Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 588 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 желтоқсанда N 14-14-136 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 174/02 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011.05.24 N 174/02 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (С.Арапбаев – келісім бойынша) аудандағы 1994 жылы туылған азаматтарды 2011 жылғы қаңтар – наурыз айлары аралығында шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жұмыстарын сапалы жүргізу ұсынылсын.
      2. Ауылдық округ және поселке әкімдері міндетті түрде:
      1) шақырылуға жататын азаматтарды хабардар ету, оларды кестеге сәйкес шақыру учаскесіне жинауды ұйымдастырып, өз өкілімен бірге келуді қамтамасыз етсін;
      2) шақырылуға жататын жастардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде және үлгі бойынша тапсырсын.
      3. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына азаматтардың негізгі жұмыс орындары бойынша жалақысын сақтай отырып, шақырушыларды әскери есепке алуға байланысты жұмыстарынан (оқуларынан) босату ұсынылсын.
      4. Аудандық емханаға (Т.Алиев – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне маман-дәрігерлер бөлінуін ұйымдастырып, қажетті дәрілер мен дәрігерлік құралдар бөлінуін, жастарды тіркеу барысында дәрігерлік куәландырудың сапалылығына бақылау ұйымдастырып, шақырылуға жататын жастардың дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жастардың дене шынықтыру деңгейін тексеру және спорттық көпшілік жұмысы жағдайын зерттеуді ұйымдастырсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Қасымбеков – келісім бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1994 жылы туылған, тұрмыс жағдайы төмен, есірткі заттарына, ішімдікке жақын, қылмыстық іске араласқан азаматтар туралы ақпарат жіберу;
      2) шақыру пунктінде азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарын түсіндіріп, қылмыстың алдын-алу үшін кездесулер ұйымдастыру;
      3) шақыру пунктінде қоғамдық тәртіп сақтауды ұйымдастыру;
      4) тіркеуге келмей жүрген жастарды анықтап, міндетті түрде шақыру пунктіне келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Түлкібас аудандық емхананың
      бас дәрігерінің міндетін атқарушы          Т.Д.Алиев
      10 желтоқсан 2010 жыл

      Түлкібас аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы         С.С.Арапбаев
      10 желтоқсан 2010 жыл

      Түлкібас аудандық ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    С.А.Қасымбеков
      10 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады