Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 17/7-04 "Аудан көлемінде елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 37/11-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 14-14-140 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 9/9-05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 9/9-05 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Аудан көлемінде елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салық ставкалары туралы" Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17/7-04 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-74 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірдегі "Шамшырақ" газетінің № 35-36 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын".
      2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     А.Меңлібеков

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С.Қалдыкөзов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады