Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 9/9-05 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Аудан көлемінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салық ставкалары туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17/5-04 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-72 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірдегі «Шамшырақ» газетінің № 35-36 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Меңлібеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Қалдыкөзов