Көшелердің аттарын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 3 қарашадағы N 155 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 қарашада N 14-14-133 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының ұсынысы мен пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Майлыкент ауылдық округіне қарасты: Т.Рысқұлов ауылындағы «Вишневая» көшесінің аты «Зерде» көшесі, «Заготскотская» көшесінің аты «Бозжорға» көшесі, «Инкубаторная» көшесінің аты «Ғаламат» көшесі, «Космонавтов» бұрылысын «Ұшқыштар» көшесі, «Надречная» көшесінің аты «Арыс» көшесі, «Новостройка» көшесінің аты «Жаңа ғасыр» көшесі, «Подгорная» көшесінің аты «Алатау» көшесі, «Садовая» көшесінің аты «Жемісті» көшесі, «Степная» көшесінің аты «Егіндік» көшесі, «Ящина» көшесінің аты «Келешек» көшесі, «Студенческая» көшесінің аты «Жастықшақ» көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округ әкімі                        А.Айтбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады