Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің 2012.02.06 N 03-232 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мараим
Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 794 қаулысымен бекітілген
2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері
мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
№ |
Ұйымдардың тізбесі |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам |
1 |
Қала, ауыл әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі |
Қала және ауылдарды, елді-мекендерді көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары |
390 |
2 |
Аудан әкімі аппараты, аудандық білім бөлімі, аудан мектептері |
Іс-қағаздарын жүргізуге, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары |
10 |
3 |
Аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдарына |
Шегірткеге және өртке қарсы күрес қоғамдық жұмыстары |
30 |
4 |
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ішкі істер және аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты |
Іс-құжаттарын жүргізуге, мәліметтерді бағдарламаға енгізу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әскер қатарына шақыру қағаздарын толтыру, тарату жұмыстарына жәрдемдесу |
30 |
5 |
Шардара аудандық әділет басқармасы |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу |
5 |
6 |
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі |
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу, іс-қағаздарын толтыру жұмыстарына жәрдемдесу |
4 |
7 |
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы филиалы |
Көгалдандыру,көріктендіру, мұражайға материалдарды топтастыруға жәрдемдесу |
6 |
Барлығы: |
475 |
Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.