2009 жылғы 15 шілдедегі № 2728 "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 5631 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 5-1-135 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы N 5619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 5619 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2186 «2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 15 шілдедегі № 2728 «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы» қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-118 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 тамыздағы № 135-136 «Дидар», 2009 жылғы 20 тамыздағы № 129-130 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерту енгізілсін:
      3 тармақтың 1 тармақшасында «20» саны «25» санымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі             И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады