Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 9974 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік жалдау үйлеріндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының
әкімі И. Әбішев
Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 09 сәуірдегі
№ 6106 қаулысына № 1 қосымша
Островский көшесіндегі, 34/2 мемлекеттік жалдау
үйіндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.05.20 № 7220 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
Островский көшесіндегі, 34/2 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (92707 (тоқсан екі мың жеті жүз жеті жеті) теңге 20 (жиырма) тиын (құрылыстың құны): 2370 (екі мың үш жүз жетпіс) шаршы метр (пәтерлердің жалпы ауданы): 125 (жүз жиырма бес) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиын.
Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 09 сәуірдегі
№ 6106 қаулысына № 2 қосымша
Молдағұлова көшесіндегі, 15/2 мемлекеттік жалдау
үйіндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.05.20 № 7220 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Молдағұлова көшесіндегі, 15/2 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (119648 (жүз он тоғыз мың алты жүз қырық сегіз) теңге (құрылыстың құны): 2007 (екі мың жеті) шаршы метр 75 (жетпіс бес) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 140 (жүз қырық) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 35 (отыз бес) теңге 50 (елу) тиын.