Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 9974 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қаңтарда № 5-1-158 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы N 5072 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.01.2013 N 5072 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан және мемлекеттік жалдау үйлерінен тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңның бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері осы қаулының қосымшасына сай белгіленсін.
      2. 1) 2010 жылғы 25 ақпандағы № 6106 «Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-137 нөмірімен тіркелді, 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 51 «Дидар», 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 52 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды);
      2) 2010 жылғы 20 мамырдағы № 7220 «2010 жылғы 25 ақпандағы № 6106 «Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы» қаулыға толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-146 нөмірімен тіркелді, 2010 жылғы 7 маусымдағы № 70 «Дидар», 2010 жылғы 8 маусымдағы № 72 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                         И. Әбішев

Өскемен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 9974 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан және мемлекеттік жалдау үйлерінен
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңның бір шаршы метріне
ай сайынғы төлем мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Өскемен қаласы  әкімдігінің 2012.02.20 N 27 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      А = Ц : Т : 12 ай

      ондағы:
      А – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және мемлекеттік жалдау үйлерінен тұрғын үйді пайдалануға төлемі, теңге;
      Ц – тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құрылыс құны, теңге;
      Т – ғимараттың қызмет ету есептік мерзімі, жыл.

р/б №

Үйдің мекен жайы

Төлем мөлшері

1

2

3

1

Островский көшесі, 34/2

26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиын

2

Молдағұлова көшесі, 15/2

35 (отыз бес) теңге 50 (елу) тиын

3

Комсомол көшесі, 37/1

23 (жиырма үш) теңге 40 (қырық) тиын

4

Комсомол көшесі, 43

31 (отыз бір) теңге 90 (тоқсан) тиын

5

Вешний тұйығы, 4

30 (отыз) теңге 70 (жетпіс) тиын

6

Молдағұлова көшесі, 15/7

32 (отыз екі) теңге 50 (елу) тиын

7

Өтепов көшесі, 38

52 (елу екі) теңге 50 (елу) тиын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады