2010 жылы 25 ақпандағы № 6106 "Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы" қаулыға толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 7220 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 31 мамырда № 5-1-146 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 9974 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.12.28 № 9974 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 6106 "Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-137 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 51 "Дидар", 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 52 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 және 2 қосымшалары:
      бірінші азатжолдағы "1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі" деген сөздерден кейін "жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады