2009 жылғы 15 шілдедегі № 2728 "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 6848 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 25 мамырда № 5-1-144 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы N 5619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 5619 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. № 2009 жылғы 15 шілдедегі № 2728 «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы» қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 51-118 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 тамыздағы № 135-136 «Дидар», 2009 жылғы 20 тамыздағы № 129-130 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған» келесі өзгертулер енгізілсін:
      3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) қалалық ардагерлер кеңесінің қолдаухаты мен тізімдері бойынша зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға саны 15 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері құқылы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында 2 бару (сәуір-мамыр) тек осы санатқа беріледі".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі                    И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады