Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.01.2013 N 5071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-6) және 5-5) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев