"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 29/9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда № 5-4-141 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11/8-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.12.21 N 11/8-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтардағы № 5-4-125 тіркелген, 2010 жылдың 05 ақпандағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің 1 тармақтағы және 2 тармақтағы «5000 (бес мың) теңге мөлшерінде» сөзі «7200 (жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Кезекті сессия төрағасы                В. Климов
 

      Қалалық мәслихат хатшысы               А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады