Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 2823 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы N 24/9-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 28.02.2014  N 24/9-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының, 15) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджеттік қаражат есебінен әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Денсаулық сақтау және ветеринария мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен бекітілген мөлшерде төленеді.
      3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      4. Риддер қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы» («Лениногорская правда» газетінің 2010 жылғы 05 ақпандағы № 7 жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 5-4-125 тіркелді);
      2) 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/9-IV «2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» («Лениногорская правда» газетінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 3 жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 5-4-141 тіркелді);
      3) 2012 жылғы 14 наурыздағы № 2/6-V «2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» («Риддерские вести» газетінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 15 жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 03 сәуірдегі № 5-4-163 тіркелді).
      5. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Кезекті сессия төрағасы                    Н. Замятин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады