Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.12.21 N 11/8-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы, 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 2012.03.14 № 2/6-ІV (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен бекітілген көлемде төленеді.
3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға «Казпошта» АҚ және «Халық банкi» АҚ бөлiмшелерi арқылы жылына бiр рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде келесi құжаттарды тапсырған жағдайда әлеуметтiк көмек жүргiзсiн:
1) жазбаша өтініш;
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
5) жұмыс орнынан анықтама.
Құжаттар (анықтамадан басқасы) «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Риддер қалалық мәслихатының 2010.12.29 № 29/9-ІV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.03.14 № 2/6-ІV (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессия төрағасы В. Титов
Қалалық мәслихат хатшысы А. Ермаков