Абай ауданында 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 208 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 5-5-109 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011.03.24 N 359 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына және 202223-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Ауылдық округ әкімдері аудан азаматтарын 2010 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
      3. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ауданда мерзімді әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
      4. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанындағы шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2-қосымша).
      5. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығына (Б. Нұржауов, келісімі бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыруды сапалы өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу;
      2) шақыру пунктінің әкімшілігімен және дәрігер-мамандармен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау.
      6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Ш. Айтқазин, келісімі бойынша) аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ескеруімен әскери есепке тұрудан бас тартып жүрген және мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді сонымен қатар шақыру пунктіне тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық медицина бірлестігінің директорына (Қ. Битенова, келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын, медициналық тексерілуін бақылауға алу.
      2) шақырылушылардың флюрографиялық, электрокардиологиялық, басқа зерттеулермен қамтамасыз ету медицина бірлестігі есебінен толық ұсыну;
      3) аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен орташа медицина қызметкерлерімен толықтыру жөнінде шаралар ұйымдастыру;
      4) аудандық медицина бірлестігінде шақырушыларды клиникалық зерттеу, тексеру және емдеу үшін қажетті мөлшерде орындар бөлу;
      8. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
      9. Ауданның қаржы бөлімі (А. Асқатов) қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірге әскерге шақырылғандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруға байланысты шығындарды қаржыландырсын.
      10. Абай ауданының тұрғындарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақырылу шараларының басталғандығы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөліміне (Ж. Екібаев) тапсырылсын.
      11. Аудан әкімдігінің 06 сәуір 2009 жылғы № 18 санды Абай ауданында «2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-92 номерімен 2009 жылдың 12 мамырында тіркелген, «Абай елі» газетінде 2009 жылдың 15-31 мамырында 10 (068) номерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Абай ауданының әкімі:                               Е. СҮЛЕЙМЕН

      Абай ауданы әкімдігінің
      22 сәуір 2010 жылғы
      № 208 қаулысымен
      бекітілген 1-қосымша

      
      2010 жылы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
      ауданда кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясының
      құрамы

      
      Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы -      аудандық қорғаныс істері
                                           жөніндегі біріктірілген
                                           бөлімінің бастығы,
                                           комиссия төрағасы
                                           (келісімі бойынша);

      Лдибаев Ерлан Арнаұлы -              аудан әкімінің орынбасары,
                                           комиссия төрағасының
                                           орынбасары;

      Дулатов Нұрлан Егісханұлы -          аудандық ішкі істер бөлімі
                                           бастығының орынбасары,
                                           комиссия мүшесі
                                           (келісімі бойынша);

      Жапалов Ертіс Бердірахманұлы -       медициналық комиссияның
                                         төрағасы (келісімі бойынша);

      Саятбекқызы Индира -                 медициналық комиссияның
                                           хатшысы (келісімі бойынша)

      
      
      Абай ауданы әкімінің
      аппаратының басшысы:                                М. Белібаев

      Абай ауданы әкімдігінің
      22 сәуір 2010 жылғы
      № 208 қаулысымен
      бекітілген 2-қосымша

      
      2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
      шақыру комиссиясының жұмыс кестесі.

2010 жылдың сәуір-маусымында


р/с

Ауылдық
округтердің
атауы

Шақырылғандар
саны

12.
04.
10.

13.
04.
10.

14.
04.
10.

15.
04.
10.

16.
04.
10.

1

Қарауыл

48




24

24

2

Архат

7

7





3

Құндызды

32

20

12




4

Көкбай

14


14




5

Медеу

3

3





6

Кеңгірбай-би

10



10



7

Қасқабұлақ

14



14



8

Тоқтамыс

5


5




9

Саржал

10



10



10

Жиыны

143

30

31

34

24

24

      
      кестенің жалғасы

2010 жылдың қазан-желтоқсанында

№ р/с

Ауылдық
округтердің
атауы

Шақырыл
ғандар
саны

05.
10.
10.

06.
10.

10.

07.
10.
10.

08.
10.
10.

09.
10.
10.

12.
10.
10.

13.
10.
10

14.
10.
10

15.
10.
10

1

Қарауыл

135






35

50

50

К

2

Архат

35

35








Е

3

Құндызды

40

15

25







Л

4

Көкбай

35




30

5




М

5

Медеу

20




20





Е

6

Кеңгірбай-би

30



10


10

10



Г

7

Қасқабұлақ

35





35




Е

8

Тоқтамыс

25


25







Н

9

Саржал

40



40






Д

10

Жиыны

395

50

50

50

50

50

45

50

50

ЕР

      
      
      Абай ауданы әкімінің
      аппаратының басшысы:                                М. Белібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады