Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2012.06.11 N 238 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттiк Кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Абай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 18-3 «2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджетi туралы» шешiмiне (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 қаңтарда N 5-5-102 тiркелдi) сәйкес азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және оны жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін (Қосымша).
2. Аудан әкімдігінің 03 наурыз 2008 жылғы № 372 санды «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-76 номерімен тіркелген, «Абай елі» газетінде 2008 жылдың 15-30 сәуірінде 8 (042) номерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бiрiншi ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі: Е. СҮЛЕЙМЕН
Қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
16 маусым 2010 жылғы
№ 222 қаулысымен бекітілген
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек
тағайындау және оны жүзеге асыру жөнiндегi
нұсқаулық
1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттiк Кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Абай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 18-3 «2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджетi туралы» шешiмiне (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 қаңтарда N 5-5-102 тiркелдi) сәйкес әзiрлендi.
2. Нұсқаулық әрекетi «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетiн қатынастарға таралмайды.
1. Жалпы ережелер
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - Әлеуметтiк көмек) ақшалай төлем түрiнде көрсетiледi.
Әлеуметтiк көмек көрсету шарты, мөлшерi және түрлерi осы нұсқаулықпен белгiленедi.
4. Әлеуметтiк көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Абай ауданында тiркелген, тұратын оралмандарға ұсынылады.
5. Әлеуметтiк көмек қаржыландыру көзi Абай ауданының бюджетi болып табылады.
6. Әлеуметтiк көмек, әкiмгерi «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік мекеме (бұдан әрi - Әкiмгер) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен азаматтардың жегелеген санаттарына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер» бюджеттiк бағдарламаға (бұдан әрi-Бағдарлама) сәйкес және осы мақсатқа сәйкесiнше қаржылық жылда аудан бюджетiнде қарастырылған қаржы шегiнде, ұсынылады.
2. Әлеуметтiк көмек алу құқығы
7. Әлеуметтiк көмек алу құқығы:
1) Өткен тоқсан қорытындысы бойынша анықталатын отбасының бiр мүшесiне бөлгенде күн көрiс деңгейiнен төмен табысы бар тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар);
2) Жедел әлеуметтiк көмекке мұқтаж (комиссия шешiмiмен анықталған онкологиялық, туберкулездi науқастарды емдеуге; операциялар жасау қажеттiлiгi; Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальға жатқызуға жол ақысына; апаттар; өрт; су тасқыны және басқа да тосын жағдайлар) белгiлi жағдайларға тап болған тұлғалар (отбасылар).
8. Коммуналдық қызметтiң шығындар өтемақысына ай сайынғы әлеуметтiк көмекке Қазақстан Республикасына ерекше сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлер құқылы.
9. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан, «Алтын белгi» белгiсiмен марапатталған мектеп түлектерiне жоғарғы оқу орнында оқу кезеңiнде берiлетiн ай сайынғы әлеуметтiк көмек мөлшерi 15000 (он бес мың) теңгенi құрайды.
3. Азаматтардың жеке санаттарына бiржолғы
әлеуметтiк көмекті тағайындау
10. Әлеуметтiк көмек отбасының бiр мүшесiне (азаматқа), жазбаша өтiнiш бойынша жылына бiр рет материалдық көмек түрiнде ұсынылады.
11. Әлеуметтiк көмек мөлшерi әрбiр нақты жағдайда аудандық комиссияның шешiмi бойынша белгiленедi, ол 200000 (екi жүз мың) теңгеден аспайды.
12. Аудандық комиссия материалдық көмектi бөлу немесе бас тарту туралы шешiм шығаруға құқылы. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша өтiнушiге жазбаша жауап берiледi.
13.Азаматтардың өтiнiштерi аудандық комиссия отырысына келесi құжаттарды ұсынған кезiнде қаралады, өтiнушiнiң жеке куәлiк көшiрмесi, өтiнушiнiң тұрғылықты жерiн және отбасы құрамын растайтын құжат көшiрмесi, салық төлеушінің нөмерінің көшiрмесi, өтiнушi тұратын аумақтағы округ әкiмдiгiнiң өкiлi жазып, округ әкiмi бекiткен тұрғын үй–тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi; өтiнушiнiң материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа да құжаттар (емдеу, операция құны, медициналық тексеру туралы медициналық мекеменің қорытындысы).
14. Әлеуметтiк көмектi бағдарлама әкiмгерi агенттiк келiсiм негiзiнде «Қазпочта» акционерлік қоғамы филиалына тағайындалған соманы аудару жолымен жүргiзедi.
4. Мерекелiк күндерге азаматтардың жеке санаттарына
бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау
15. Мерекелiк күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек азаматтардың келесi санаттарына ұсынылады:
1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер – 10 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн марапатына жатқызылған бұрынғы КСРО медалiмен марапатталып, осы негiзде арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлерi, осы негiзде арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
4) Ленинград қаласын қоршау кезiндегi жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен марапатталған азаматтар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
5) Бұрынғы фашистiк концлагердiң кәмелетке толмаған тұтқындары - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
6) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз жоғалған, қайтыс болған, опат болған жауынгерлердiң жесiрлерi, осы негiзде арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
7) «Алтын Алқа», «Күмiс Алқа» белгiлерiмен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1 және 2 дәрежелi «Ана даңқы» орденiмен марапатталған аналар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған бiрге тұратын балалары бар көп балалы аналар (отбасылар) - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
8) Мүмкiндiгi шектеулi және әлеуметтiк жұмыскерлердiң үйде қызмет көрсетуi үшiн есепте тұрған балалары бар отбасылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
9) Мемлекеттiң толық қарауындағы тұлғалардан басқа, төлем кезiнде 80-ге одан да көп жасқа толған қарт адамдар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеушi отбасылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
10) Мемлекеттiң толық қарауындағы тұлғалардан басқа, I, II, III топ мүгедектерi, осы негiзде арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
11) Мүгедек балалар (16 жасқа дейiнгi) - 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
12) Коммуналдық қызметтiң шығындар өтемақысына әлеуметтiк төлем Қазақстан Республикасына ерекше сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге өтiнiш пен келесi құжаттарды берген айдан бастап жүзеге асырылады: жеке куәлiк көшiрмесi, дербес зейнеткер куәлiгiнiң, не дербес зейнетақы тағайындау хаттамасының көшiрмесi, тұрғылықты жерiн растайтын құжат көшiрмесi – төлем мөлшерi 2000 (екi мың) теңгенi құрайды;
13) «Абай ауданының құрметтi азаматы» атағы берiлген, Абай ауданының аумағында тұратын тұлғалар – 5 АЕК-ке дейiн;
14) Ауғаныстаннан кеңес әскерлерiнiң шектеулi құрамын шығару күнiне; Ауғаныстандағы соғысқа қатсықандар мен мүгедектерге, Ауғаныстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза болған (хабарсыз кеткен) немесе жарақат, контузия, зақымдану, ауру салдарынан қайтыс болған әскерилердiң отбасына - 5 АЕК-ке дейiн;
15) Чернобль атом электростанциясындағы апат кезiнде құрбан болғандарды еске алу күнiне: Чернобль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқан тұлғаларға - 5 АЕК-ке дейiн;
16) Қала, кент, ауылдық округтер әкiмдерiнiң ұсынуымен мерекелiк және атаулы күндерге арналған аудан әкiмiнiң қабылдауына шақырылған тұлғалар - әрбiреуiне 5 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде;
17) Қарттар күнiне Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және ардагерлер активтерiне «Рудный алтай», «Дидар» және басқа да газеттерге жазылуды ресiмдеуге – жазылу кезеңiнде мерзiмдiк басылымға жазылу мөлшерiнде бiр жылға.
16. Аудандық ардагерлер Кеңесi Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердiң және ардагерлер активтерiнiң аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрайымының қолы қойылған тiзiмдерiн Әкiмгерге ұсынады. Ұсынылған тiзiмге сәйкес жазылу басылымдарын ресiмдеуге әлеуметтiк көмек тағайындалады.
17. Әлеуметтiк төлемiне тiзiмдердi жинақтау зейнетақы төлемi жөнiндегi мемлекеттiк орталық филиалының ұсынған төлем сәтiндегi зейнетақы алушылар базасы бойынша жүргiзiледi.
18. Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйiн және шаруашылық құрылыстары жөндеу үшiн құрылыс материалдары мен құралдарын сатып алуға материалдық көмек көрсету, тұрғын үйге және шаруашылық құрылыстарына жасалған зерттеу актiсi негiзiнде көрсетiледi.