Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы N 372 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 сәуірде N 5-5-76 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.06.16 N 222 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 санды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 санды «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 санды «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және соларға теңестірілген адамдарға беретін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін.
      4. Осы қаулы Абай ауданының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                 Б.ҮЙСІМБАЕВ

      Аудан әкімдігінің
      2008 жылғы 3 наурыздағы
      № 372 қаулысымен бекітілген

«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер
тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы»
Нұсқаулық

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1.Әлеуметтік төлемдер:
      1) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға және белгілі бір жағдайда шұғыл әлеуметтік қолдауға зәру адамдарға;
      2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері және оған теңестірілгендерге;
      3) Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және оған теңестірілгендерге;
      4) Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға;
      5) Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалар бар отбасыларға;
      6) Азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты 8 наурыз, Балаларды қорғау күніне көп балалы аналарға оның ішінде Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ дәрежелі Ана Даңқы орденімен марапатталғандарға, 4 және одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар аналарға;
      2. Мерекелік күндерге (Қазақстан Республикасының конституция күні, Қазақстан Республикасы күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні) материалдық қолдауға құқығы бар әлеуметтік төлем алатын азаматтардың жеке санаттарын қоспағанда әләуметтік төлем бір адамға күнтізбелік жылы бір рет қана көрсетіледі.
      3. Комиссия хаттамасының негізінде әлеуметтік төлемдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы, жергілікті бюджет қаржысынан беріледі.
      4. Әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Абай ауданында тұрғылықты тұратын (тіркелімде бар) азаматтар алуға құқылы.
      5.Әлеуметтік төлемдер ОАО Казпоштаның аудандық филиалы арқылы төленеді.

2. Әлеуметтік төлемдерді беру тәртібі

      6. Жергілікті бюджет қаржысынан берілген әлеуметтік төлемдер жеке адамдар өтініштері бойынша жеке қоғамдық ұйымдар, мен соғыс және еңбек ардагерлер ұйымының, ауылдық округ әкімдерінің ұсынысымен беріледі.
      7. Әлеуметтік төлемдер келесі құжаттарды табыс еткенде беріледі.
      1) Өтініш;
      2) Төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі;
      3) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) Тіркеу кітабынан көшірме;
      5) Көп балалы аналар ретінде дәлелді құжат (куәліктің) көшірмелері;
      6) 4 және одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар аналар ретінде дәлелді құжат (балалардың туу туралы куәлік) көшірмелері;
      7) Материалдық-тұрмыстық жағдайына зерттеу акт; (материалдық жағдайын растаудың қажеттілігі болғанда)
      8) Әлеуметтік карта (тұратын жердің учаскелік комиссиясы жасаған);
      9) Әлеуметтік төлемді қажет ететіндігін анықтайтын басқа да құжаттар (емделу туралы медициналық мекеменің қортындысы, операция құны, тіс протезін жасату (қымбат металдарын басқасы) басқа да құжаттар);
      8. Қоғамдық ұйымдар, соғыс және еңбек ардагерлер ұйымының, ауылдық округтердің әкімдердің ұсыныстары;
      9. Комиссия материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдауға немесе бас тартуға құқығы бар.

3. Ұлы Отан соғысы Жеңіс күнін мерекелеуге Ұлы Отан
соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі

      10. Ұлы Отан соғысы Жеңіс күнін мерекелеуге материалдық көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне және оған теңестірілгендерге;
      2) Ұлы Отан соғысы мен қатысушыларына және оған теңестірілгендерге;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталғандарға, тыл ардагерлеріне және 1941 жылдың 22 маусымына 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға;
      4) қайта некеге отырмаған соғыс жесірлеріне.

4. Қарттар мен мүгедектер күніне материалдық көмек
көрсету тәртібі.

      11.Қарттар күні мен (1 қазан) мүгедектер күні (10 қазан) төмендегідей категориялардағы адамдарға материалдық көмек көрсетіледі:
      1) Жалғыз басты зейнеткерлерге;
      2) жалғыз басты мүгедектерге;
      3) 90 жасқа келген немесе 90 жастан асқан қарт адамдарға;
      12.Ауылдық округ әкімдері бекіткен тізім бойынша төлемдер жүргізіледі.

5. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
материалдық көмек беру тәртібі

      13. Балаларды қорғау күні мен жаңа жыл шыршасын мерекелеуге мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетіледі.
      14. Ауылдық округ әкімдері бекіткен тізім бойынша төлемдер жүргізіледі.

6. Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектерге
тұрғын үйін және шаруашылық құрылыстары жөндеу
үшін құрылыс материалдары мен құралдарын сатып
алуға материалдық көмек беру тәртібі

      15. Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үйін және шаруашылық құрылыстары жөндеу үшін құрылыс материалдары мен құралдарын сатып алуға материалдық көмек көрсеткен тұрғын үйге және шаруашылық құрылыстарын зерттеу актісі негізінде көрсетіледі.

7. Аудандық "Абай елі" және облыстық газеттерге
жазылу үшін әлеуметтік материалдық көмек
төлеу тәртібі

      16. Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, еңбек және тыл ардагерлеріне.

8. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі

      17. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен «Казпошта» бөлімшесі арқылы көмек сұраған азаматтардың жеке есеп шотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
      18. Көмек сұраған азаматтың ұзақ уақыт бойы келмеген жағдайында (3 ай мерзімде) комиссия материалдық көмек көрсету жөніндегі мәселені қайта қарау, ол ақшаны басқа адамдарға қайта бөлуге құқылы.

9.Жергілікті бюджет қаржысын мақсатты
пайдалануға бақылау жасау

      19. Абай ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік бөлімінің бас маманы жүктеледі.
      20. Абай ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.
      
      
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                              С. Татиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады