Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, халық пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Архат ауылының орталығындағы атауы жоқ 5 көшеге, төмендегі атаулары берілсін:
1) Мамай батыр
2) Батыр қыз Баян Байғожина
3) Совет Одағының батыры Закария Белібаев
4) Социалистік Еңбек Ері Болат Бағдатов
5) "Даңқ" орденінің толық иегері Өртқали Қасымжанов
2. Осы шешімнің орындалуына басшылық жасау ауыл әкімінің бас маманы Қ. Тайтөлеуге жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Архат ауылдық | |
округінің әкімі: | А. Омиртаев |