Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 01-02/27-14 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 16 тамызда N 5-6-110 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 5/37-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012.07.13  N 5/37-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                         О. Дүйсеғұлов

      Мәслихат хатшысы                        М. Темеков

Қосымша         
Аягөз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 шілдедегі  
№ 01-02/27-14 шешімімен  
бекітілген        

Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереженің күші Аягөз ауданындағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
      бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, өзі тұратын тұрғын үй көлемінде;
      кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту тақтайшасын орнату қажет.
      4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.
      5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақ үйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.
      6. Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді.
      7. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.
      8. Пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, үй-жай иелерінің кооперативтеріне, кондоминиумдарға:
      1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есіктерді онда иттер мен мысықтардың кіріп кетуіне жол бермейтіндей жабық күйінде ұстау;
      2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
      9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.
      10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.
      11. Серуендетуге рұқсат беріледі:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген (сәндік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттерді;
      2) қоршалған аумақтарда және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді.
      12. Иттерді серуендетуге тыйым салынады:
      1) балалар аулалық және спорттық алаңқайларында, қалалық жағажайларда, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді және көзі нашар көретін адамдар үшін жетектеуші иттерді қоспағанда.

3 тарау. Қорытынды ережелер

      13. Аягөз ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      14. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады