Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 10 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 тамызда N 5-6-115 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 мамырдағы N 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.05.02 N 248 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық камсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Материалдық қамсыздандырудың мөлшері мүгедек балалар үй интернатында тәрбиеленетін бір балаға жұмсалатын шығын мөлшерінде бекітілсін.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Мұстафаев) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
      4. Аягөз ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 28 ақпандағы № 68 «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеудің ережесін бекіту туралы» (2006 жылдың 21 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-21 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2006 жылдың 8 сәуірдегі № 15 (533) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                       Ә. Мұхтарханов

Аягөз ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 10 қаулысына қосымша

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ

      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының беруіне немесе оларды алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша тағайындалады.
      2. Өтінішке ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттігі жөніндегі қорытынды тіркеледі.
      3. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру өтініш берген айдан бастап тағайындалып, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысымен белгіленген мерзімге төленеді.
      4. Материалдық қамсыздандырудың тағайындалуының және төлемнің доғарылуына немесе қайта жаңартылуына әкелетін жағдайлар түскенде (бала өлімі, үй-интернатына жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.) көмектің тағайындалуы және төлемі осы жағдайлар түскеннен кейінгі айдан басталады.
      5. Материалдық қамсыздандыруды алушылар уәкілетті органға көмек алуға әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде хабарлауға міндетті.
      6. Уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап материалдық қамсыздандыру тағайындау жөніндегі барлық құжаттармен бірге он күн мерзімінде қарайды.
      7. Уәкілетті органның шешімі заңнамаларға сәйкес шағымдалынады.
      8. Материалдық қамсыздандыру тағайындау жөніндегі өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге үміткердің жеке ісінде сақталады.
      9. Материалдық қамсыздандырудың мөлшері мүгедек балалар үй-интернатына бір балаға жұмсалатын шығын мөлшерінде бекітіледі.
      10. Материалдық қамсыздандырудың төлемі заңнамаға сәйкес аудан бюджетінің қаржысы есебінен өткен айға төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады