Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011.12.23 N 938 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7 бабының 5) тармақшасы, 20 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 2 бабының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары бекітілсін.
2. Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері экологиялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 2011 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
3. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Бозтаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі |
Ә. Мұхтарханов |
Аягөз ауданы әкімдігінің |
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары
№ р/р |
Ұйымдар аты |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Атқарылатын жұмыстар көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік) |
Ұсыныс (бекітілген) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
21 селолық әкім аппараттары |
Аумақ тазалығы, қоғамдық науқандық жұмыстар, экологиялық сауықтыру, мекеме тазалығы, құрылыс, жол жөндеу, әлеуметтік мәдени обьектілерді жөндеу, мерзімді жылыту жұмысы, күзет, шаруашылық жұмыс |
1332 шаршы метр, |
150 |
150 |
Аягөз ауданының бюджеті |
2 |
Семей аумақтық мүгедектер қоғамының Аягөз бөлімшесінің Қоғамдық бірлестігінің басқармасы |
Мекеме тазалығы, мүгедектердің көрпе, матрацтарын өңдеу, бау-бақша күзету, үй аралау, мүгедектерге көмек көрсету, мәдени шараларды өткізу, газет тарату, мекеме жылыту |
Жаңа жыл 100 сыйлық, |
12 |
12 |
Аягөз ауданының бюджеті |
3 |
"Қалалық үйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
Қалалық, елді мекен, өнеркәсіп орындар орналасқан жерлерді жинауға, әлеуметтік мәдени объектілерді, құрылыс жұмыстары, сәулет ескерткіштер, кешен аумақтарын қалпына келтіру, өңірлерде экологиялық сауықтыру, масштабы мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу |
1868 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау қала бойынша күл-қоқыс |
238 |
238 |
Аягөз ауданының бюджеті |
4 |
"Аягөз су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
Су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар, бас каналдардың көздерін, арық, өзендерді тазалау жұмыстарына қатысу, құрылыс, көпірлерді, каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу |
312 құдықтың жөндеу жұмыстары |
28 |
28 |
Аягөз ауданының бюджеті |
5 |
"Шынғыс" пәтер иелерінің кооперативі, "Алишер" жеке кәсіпкер |
Тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу және баспалдақтарды тазалау, қоқыс тазалығы, ақтау, сырлау |
25000 шаршы метр, |
48 |
48 |
Аягөз ауданының бюджеті және жұмыс берушілердің есебінен |
6 |
"Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Әскерге шақыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралар |
Әр жұмысшыға күніне 50 дербес іс толтыру, 50 әскерге шақырылушыны шақыру |
2 |
2 |
Аягөз ауданының бюджеті |
7 |
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Аягөз ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Хабарламаларды тарату, сұраныстарды таратып, жауабын алу, мұрағат құжаттарын түгендеу, реттеу жұмысы, салық төлеу нөмірі мағлұматтарын түгендеу жұмысы |
Хабарламаларды тарату-8910 дана; Сұраныс, жауап-1417 дана; мұрағат құжаттары-2910 дана, мағлұматтар енгізу-4765 |
20 |
20 |
Аягөз ауданының бюджеті |
8 |
"Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Көгалдандыру жұмысына, киім ілгіш қызметіне және жеке тұлғалар есебін жүргізу жұмыстары |
Жеке тұлғалар есебі базасымен жұмыс |
12 |
12 |
Аягөз ауданының бюджеті |
9 |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық қылмыстық атқару инспекциясы |
Шарт түрде сотталған азаматтармен жұмыс, мінез құлқы туралы анықтамалар жинақтап отыру, учаскелік аймақ өкілдерімен тұрғылықты мекен-жай бойынша тексеру жүргізілуін қадағалау жұмыстары, мұрағат жұмыстары |
Жылына 150-160 шартты түрде сотталған құжаттарымен жұмыс |
4 |
4 |
Аягөз ауданының бюджеті |
10 |
"Аягөз аудандық әкімдігінің "Ақтоғай коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Қалалық, елді мекен, өнеркәсіп орындар орналасқан жерлерді жинауға, әлеуметтік мәдени объектілерді, құрылыс жұмыстары, масштабы мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу |
620 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау, кент бойынша күл-қоқыс шығару |
31 |
31 |
Аягөз ауданының бюджеті |
11 |
"Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Барлық өтініштерді тіркеу, науқандық жұмыс |
Әлеуметтік көмек 9824 өтініш тоқсан сайын, 8300 балалар жәрдемақысына өтініш, басқа барлық шараларға өтініштер, "Бизнес-жол картасы" |
3 |
3 |
Аягөз ауданының бюджеті |
12 |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің Аягөз аудандық инспекциясы |
Барлық өтініштерді тіркеу, науқандық жұмыс, ұжымдық шарт жасату, еңбек ақы көлемі, уақтылы төлеуін қадағалау, еңбек қауіпсіздігін қадағалауға көмек, мәлімет жинақтау |
214 кәсіпорынмен жұмыс, 100 азаматтың өтінішімен жұмыс, "Бизнес-жол картасы" |
2 |
2 |
Аягөз ауданының бюджеті |
Барлығы: |
550 |
550 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; орындалған жұмыстың мөлшеріне, сапасына, күрделілігіне байланысты; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.