2011 жылы Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда N 5-6-129 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 04-08/2366 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011.05.11 N 04-08/2366 хаты).

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.
      2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлім бастығына ұсынылсын (М. Жақашев, келісім бойынша):
      1) тіркеу өткізуге шақыру пунктін дайындау;
      2) тіркеуді өткізуге дайындалу және оны өткізу бойынша қажетті құжаттамаларды әзірлеу;
      3) тіркеуді сапалы түрде және уақтылы өткізуді қамтамасыз ету;
      4) шақыруға дейінгі аурулардың емделуіне және сауығуына бақылауды күшейту.
      3. «Аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына ұсынылсын (Ж. Жұмаханов, келісiм бойынша):
      1) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру өткiзу үшiн қажет мөлшерде тәжірибелі дәрiгер мамандарды және медициналық қызметкерлердi бөлу;
      2) ауданның емдеу мекемелерінде комиссиямен амбулаторлық емдеуге немесе стационарлық тексеруге жіберілген тұлғаларды қабылдауды белгілеу;
      3) шақыруға дейінгілердің кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің талдауларын қабылдануын ұйымдастыру;
      4) шақыруға дейінгілерді тексеруді және емдеуді қамтамасыз ету.
      4. Меншік нысанына қарамастан қала ұйымдарының, кәсіпорындарының және оқу орындарының басшыларына (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырылатын жасөспірімдерді есепке алу және тіркеуден өту үшін шақыру дейінгілерге қажетті уақыт беру;
      2) әрбір жасөспірімге жұмыс (оқу) орнынан анықтама, мінездеме және басқа қажетті құжаттар белгіленген мерзімде беру.
      5. Тіркеуді өткізуге байланысты барлық шығындар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізілсін, ол үшін экономика және қаржы бөлімі бекітілген шығындар сметасы аясында қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімге қажетті қаражаттар бөлінсін.
      6. Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмiне (Ш. Құнанбаев, келiсiм бойынша) медицина комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің қадағалануын қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлім бастығының хабарлауы бойынша шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан азаматтарды іздестіруде және қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімге жеткізуде жәрдемдесу ұсынылсын.
      7. Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмге (М. Жақашев, келісім бойынша) білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектептеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу жүргізу ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары C. Ысқақовқа жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі                    Ә. Мұхтарханов

      Келісілді:
      Аягөз қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріккен бөлімі,
      подполковник                             М. Жақашев

      Аягөз аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы,
      подполковник                             Ш. Құнанбаев

      Аягөз аудандық медициналық
      бірлестігінің бастығы                    Ж. Жұмаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады