2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 141 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда N 5-7-80 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011.02.28 N 60 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына және 202223-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бесқарағай ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Азаматтарды шақыруды өткізу мен Қазақстан Республикасының Әскери қатарына шығарып салу үшін әскерге шақыру учаскесі Бесқарағай ауылының Молдажанов, 100 көшесі бойындағы Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
      3. 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудандық комиссия құрылсын (қосымша 1).
      4. Ауылдық округтер әкімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шығаруды және шығарып салуды дер кезінде ұйымдастырсын.
      5. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына әскерге шақырылатындардың әскерге шақыру орнына кешікпей, ұйымдасып келуіне жағдай жасап, оларды әскер қатарына шығарып салуды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Олжабаев А.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) азаматтарды шақыруды заңмен белгіленген мерзімдерде жүргізу;
      2) шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес шақыру комиссиясына әскерге шақырылатындардың келуін қамтамасыз ету;
      3) дәрігер-мамандармен, техникалық жұмысшылармен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мамандарымен, шақыру комиссиясының мүшелерімен нұсқаулы-әдістемелік сабақтар жүргізу;
      4) азаматтарды шақыруды жүргізуге барлық қажетті құжаттарды дайындау;
      5) ай-сайын аудан әкімін азаматтарды шақыруды жүргізу барысы туралы ақпараттандыру.
      7. «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» МҚКК бастығына (Сон Б.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылысын:
      1) әскерге шақыралатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық медициналық комиссия құру;
      2) аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру;
      3) емделуді қажет ететін әскерге шақырылатындардың тізімдері Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, емдеу жүргізуді қамтамасыз ету.
      8. Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Туктыбаев А.) жеке істерді, есепке алу карталарды ресімдеу, шақырылатындарды шақыру қағазы бойынша хабардар ету жағынан көмектер көрсету үшін азаматтарды көктемгі және күзгі шақыру кезеңіне жұмыссыздарды бөлсін.
      9. Аудандық ішкі істер бөлімі (Шарипов У.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) полиция тобын Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына кесте бойынша медициналық тексеру жүргізу және облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылғандарды жіберу кезеңінде бөлу;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімді мерзімді әскери шақырудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтерге учаскелік инспекторларды бөлуді ұйымдастыру;
      3) азаматтарды әскерге шақырудың барлық кезеңінде шақыру пунктінің аумағында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету.
      10. Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі (Скакова М.) азаматтардың әскерге шақырылуын ұйымдастыру мен өткізу үшін 2010 жылға арналып бекітілген бюджет шегінде қажетті қаржыландыруды жүргізсін.
      11. Ауылдық округтердің әкімдері әскерге шақырылатындарға уақытында хабарлап, олардың шақыру комиссиясынан өтуге келуін қамтамасыз етсін.
      12. «2010 жылы мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 139 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      14. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                      Т. ЖЕКСЕМБАЕВ

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Бесқарағай аудандық
      қорғаныс істер жөніндегі
      бөлім бастығы:                                     А. Олжабаев
      22.04.10 ж.

      Бесқарағай аудандық
      ішкі істер бөлімі бастығы:                         У. Шарипов
      22.04.10 ж.

      «Бесқарағай аудандық
      медицина бірлестігі»
      МҚКК директоры:                                       Б. Сон
      22.04.10ж.

Бесқарағай ауданы әкімінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 141
қаулысына 1 қосымша

АУДАНДЫҚ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
      ҚҰРАМЫ

      Олжабаев                           Бесқарағай аудандық қорғаныс
      Алибек Даутович                    істері жөніндегі бөлімі
                                         бастығы әскерге шақыру
                                         комиссиясының төрағасы
                                         (келісім бойынша);

      Рахметуллин                        Бесқарағай ауданы әкімінің
      Ерболат Еренович                   орынбасары, комиссия
                                         төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

      Казакпаев                          Бесқарағай аудандық ішкі
      Дулат Тулегенович                  істер бөлім бастығының
                                         орынбасары (келісім
                                         бойынша),

      Токатова                           Бесқарағай аудандық медицина
      Умыт Тимофеевна                    бірлестігі МҚКК-ның
                                         терапевт-дәрігері, медицина
                                         қызметкерлері құрамын
                                         басқарушысы, медицина
                                         комиссиясының төрайымы
                                        (келісім бойынша);

      Назарова                           Бесқарағай аудандық медицина
      Рузия Садыковна                    бірлестігі МҚКК-ның
                                         медбикесі, комиссияның
                                         хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады